-
Осы редакция 2012 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылауды жүзеге асыру ережесі
(2009.31.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті органның ведомствосы - аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері бар орталық атқарушы органның комитеті;
2) ветеринариялық бақылау бекеті - шекара және кеден бекеттерінің (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында орналасқан уәкілетті орган ведомствосының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақталған бөлімшесі;
3) рұқсат - кейін ветеринариялық ілеспе құжатта (ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты, транзиті кезінде тізілімде тіркей отырып, уәкілетті орган ведомствосы беретін нөмір, ветеринариялық сертификатты беру үшін негіздеме болады;
4) тізілімнен үзінді көшірме - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорты, экспорты, транзиті кезінде рұқсат беру туралы уәкілетті орган беретін рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы ақпаратты қамтитын жазбаша хабарлама;
Редакция документа
Демо – версия документа