(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2008.25.01 № 5 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 5 қаулысы
(2012.24.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 91 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды»құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 50 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4171 тіркелген) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа