Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 978 Қаулысы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 978 Қаулысы
(2022.03.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жасыл даму» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 2022.18.01. № 20 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:

1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын үйлестіру және іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін техникалық және консультациялық қамтамасыз ету;

2) Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасымен реттелетін климаттың өзгеруі мен парниктік газдар шығарындылары және Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясымен, Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясымен, Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісімнің рәсімі туралы Роттердам конвенциясымен; Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясымен; Үлкен қашықтықтарға ауаның трансшекаралық ластануы туралы конвенциямен; Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасымен; Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасымен және оған Лондон түзетуімен реттелетін қауіпті қалдықтарды басқару саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі;

3) сот шешімімен республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;

4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру болып айқындалсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции