«Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 812 Қаулысы (күші жойылды)
«Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 812 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 35, 281-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысымен бекiтiлген Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрi - Аккредиттеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мынадай құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi: жарғы, мемлекеттiк тiркелгенi және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бар болса - бизнес-сәйкестендіру нөмірі) берiлгенi туралы куәлiктер немесе салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды расталған көшiрмелерi;
3) ұйымның жарғысына сәйкес бекітілген халықаралық тәжiрибеге сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын кәсіби бухгалтерлердің этика кодексi;
4) Аккредиттеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымдардың құрамы туралы мәлiметтер;
5) Аккредиттеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымдардың құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiметтер;
6) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң бар екенiн растайтын құжаттар.
Документ утратил силу
Демо – версия документа