(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.09.06 № 552 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 552 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағанының екінші абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесінде:
19, 26-тармақтар алынып тасталсын;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесінде:
7, 19, 22, 25-тармақтар алынып тасталсын;
өнеркәсіп қауіпсіздігі органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесінде:
2, 3, 4, 7, 10-тармақтар алынып тасталсын;
мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесі алынып тасталсын;
2) «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген.
Редакция документа
Демо – версия документа