(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ПЛЕНУМЫНЫҢ 2000.28.04 № 5 ҚАУЛЫСЫ
Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 Қаулысы
(2008.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 13 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 13 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ҚР» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 13 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының некенi тоқтатуды, оны заңсыз деп тануды және ерлi-зайыптылар (бұрынғы ерлi-зайыптылар) арасындағы мүлiктiк қатынасты реттейтiн нормаларын қолданумен байланысты мәселелер туындайтынын ескере отырып, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының (бұдан әрi - Заң) 15-бап 1-тармағына сәйкес некенi бұзу туралы iс сотта ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де талап арызы бойынша жүргiзiлетiнi түсiндiрiлсiн.
Егер ерлі-зайыптылардың бiрiнiң әрекет қабiлетсiздiгi байқалса, онда оның мүддесiн қамқоршысы немесе прокурор некенi бұзу туралы талап қою арқылы қорғауы мүмкiн. АIЖК-нің 57-бабына сәйкес, сот мұндай жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдарын iске қатыстырып, олардың тиiстi қорытындысын алуына болады.
Редакция документа
Демо – версия документа