«Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 755 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 755 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 508-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін регламенттейді.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды.
3. Комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа