(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.19.03 № 270 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 270 қаулысымен
Бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты
жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.
2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) атом энергиясын пайдалану объектілерін орналастыру;
2) атом энергиясын пайдалану объектілерін жобалау (атом энергиясын пайдалану объектілерін, олардың бөліктерін, блоктарын, жүйелерін, конструкцияларын салу үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу);
3) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) салу;
4) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалануға қосу;
5) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалану;
6) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдаланудан шығару;
7) атом энергиясын пайдалану объектілерін басқару.
Редакция документа
Демо – версия документа