«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 667 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 667 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ұлттық қауіпсіздікті:
қаржылық мониторингті жүзеге асыру және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;
салық, кеден және бюджет заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік мүлікті ұтымды пайдалану және сақтау;
қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру кезінде қамтамасыз ету;»;
31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарына қатысты актілерді, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жарты жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу;»;
58) тармақша алынып тасталсын;
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«60) конкурстық іс жүргізу, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредит берушілер комитетінің құрамын бекіту;»;
97), 98), 99) және 101) тармақшалар алынып тасталсын;
102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«102) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келісу;»;
103), 104) және 105) тармақшалар алынып тасталсын;
Демо – версия документа