(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.21.07 № 836 ҚАУЛЫСЫ
«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 836 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҰИҚ» АҚ) мыналарға:
1) «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Агенттік) «Қазсат» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Қазсат» АҚ) акциялары пакетінің 100%-ын қоспағанда, «ҰИҚ» АҚ-ның мүлкін жарғылық капиталына салым ретінде бере отырып;
2) «Қазсат» басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Басқарушы компания) «Қазсат» акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 100 %-ы түріндегі мүлікті жарғылық капиталына салым ретінде бере отырып, бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қызметтің негізгі мәні болып мыналар айқындалсын:
1) Агенттіктікі - инновациялық даму және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) Басқарушы компаниянікі - «Қазсат» АҚ акцияларының пакетіне қатысты меншік иесі құқығын жүзеге асыру.
3. Агенттіктің функциялары болып мыналар айқындалсын:
1) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің, технологиялық салалық кеңестердің жұмысын қамтамасыз етуді қоса алғанда, инновациялық жүйені дамыту, инновациялық даму үдерістерін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу;
Редакция документа
Демо – версия документа