(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.03.06 № 508 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі бағыттары болып айқындалсын:
индустриялық саясат, қазақстандық өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру, өнеркәсіптің өңдеуші секторларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және инновацияларды енгізу саласында зерттеулер жүргізу;
өнеркәсіпті дамытудың теориялық, әдіснамалық және практикалық мәселелеріне зерттеулер жүргізу;
өнеркәсіп салаларын қайта құрылымдаудың және салааралық кооперацияны дамытудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу, өнеркәсіптегі қайта құрылымдауды және салааралық кооперацияны ынталандыру мен қолдау жөнінде шаралар әзірлеу;
өндірістерді әртараптандырудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу және кластерлерді дамыту, өндірістерді әртараптандыруды ынталандыру мен қолдау және кластерлерді дамыту жөнінде шаралар әзірлеу;
жаңа өндірістерді құрудың техникалық-экономикалық негіздемелерін және оларды аумақтық орналастыру схемаларын әзірлеу, инвестициялық жобалар бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлеу, өңірлік өндірістік жүйелер мен өнеркәсіп инфрақұрылымын құрудың және дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу;
Қазақстанның өнеркәсіп салаларының сегменттерін әлемдік өндірістік-шаруашылық жүйелеріне кіріктіруді қамтамасыз ету жөнінде, өнеркәсіп саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау;
мемлекеттік органдардың өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша заң жобаларын, салалық бағдарламаларды, мастер жоспарлар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысу;
Редакция документа
Демо – версия документа