2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (Санкт-Петербург қ., 2011 жылғы 18 қазанда)
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін
айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Санкт-Петербург қ., 2011 жылғы 18 қазанда)
Осы хаттамаға қосылу туралы ескертпені ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 290 Қаулысынан қараңыз
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 561 Қаулысымен мақұлданды
2013 жылғы 26 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі - ТМД) қатысушы мүше мемлекеттердің үкіметтері 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 2-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. СЭҚ ТН-нің «0206» деген жолы мынадай редакцияда жазылсын:
0206 | Ірі қара малдың, шошқаның, қойлардың, ешкілердің, жылқылардың, есектердің, қашырлардың немесе лошактардың жас, тоңазытылған немесе мұздатылған тағамдық қосалқы өнімдері | 0201-0206 позициялардан басқа, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау |
2. Мынадай мазмұндағы СЭҚ ТН-нің «2106 90 980-нен» деген коды бар жолмен толықтырылсын:
2106 90 980-нен | Жануарлардың немесе өсімдіктердің майларынан немесе майлардан немесе олардың майлылығы 15%-дан астам сүт майларынан фракцияларынан жасалған тағамға пайдалануға жарамды қоспалар немесе дайын өнімдер | 0405, 1501-1516 позицияларының материалдарынан дайындау. Алайда 1511 және 1513 тауар позицияларының пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауға тиіс |
3. СЭҚ ТН-нің «28-топтан» деген коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа