«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 538 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 538 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні азаматтық және мемлекеттік авиация үшін жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерін қолдану саласында авиация персоналын даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау бойынша білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) серіктестіктің жарғысын бекітуді;
2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иеленуге және пайдалануға беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Демо – версия документа