(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.10.08 № 688 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 688 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат):
тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «Шетел азаматтарының» деген сөздер «Шетелдіктердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «Шетелдік азаматтардың», «шетелдік азаматтарды», «шетелдік азаматтарға», «шетел азаматтары», «шетел азаматтарын», «шетелдік азаматқа», «шетелдік азамат», «шетелдік азаматтар», «шетелдік азаматтың» деген сөздер тиісінше «Шетелдіктердің», «Шетелдіктерді», «шетелдіктерге», «шетелдіктер», «шетелдікке», «шетелдік», «шетелдіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-1-тармақтың тоғызыншы абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:
«11-2. Оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматы болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, әрбір шетелдік Қазақстан Республикасына келуі кезінде болу және кету үшін:
ол тұрақты тұратын мемлекеттің аумағындағы ең жақын әуежайға дейін «Экономикалық» сынып бойынша кемінде авиабилеттің құны мөлшерінде;
Редакция документа
Демо – версия документа