(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.22.04 № 482 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 05.06.99 ж. № 537 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2012 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1) «Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттырудың республикалық курсы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын:
басшы құрамдардың, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы, елдің азаматтық қорғаныс қызметін жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету;
2) Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тыл қызметі және қамтамасыз ету» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын:
әскери инженерлік және арнаулы техникаларды, запас бөлшектерді, оларға арналған жиынтық элементтермен приборларды әзірлеу, жөндеу және сату;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі жүйесіндегі үй-жайларға белгіленген заң тәртібімен қызмет көрсету;
3) «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың арнаулы ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын:
өрттің шығу себебін зерттеу;
өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыс жүргізу;
Редакция документа
Демо – версия документа