«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 Қаулысы (2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 Қаулысы
(2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 770 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2016.12.05. № 288 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.14.07. № 475 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 24-1) тармақшасын және 26-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2016.12.05. № 288 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 923 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.21.04. № 256 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 475 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1 пайыз;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін - 0,5 пайыз;
Документ утратил силу
Демо – версия документа