Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ақкент» және «Көкшіл орам - 3» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1513 Қаулысы

«Ақкент» және «Көкшіл орам - 3» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1513 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) ұсынған мынадай шарттар мақұлдансын:

1) «Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысына сәйкес «Ауt Ноusing Соmрlех» (Айт Хаузинг Комплекс) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен берілген жалпы сомасы 19 837 147 501 (он тоғыз миллиард сегіз жүз отыз жеті миллион бір жүз қырық жеті мың бес жүз бір) теңге, оның ішінде 16 500 000 000 (он алты миллиард бес жүз миллион) теңге сомасындағы кредитті қайта құрылымдау шарттары:

кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап сыйақы ставкасын жылдық 12,5%-дан (он екі бүтін оннан бес пайыздан) жылдық 7%-ға (жеті пайызға) дейін азайту;

кредиттің мерзімі - тараптардың келісімі бойынша 2 (екі) жылға ұзарту мүмкіндігімен, кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап 8 (сегіз) жыл;

негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең - кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап 48 (қырық сегіз) ай;

сыйақы ставкасын жылдық 12,5%-дан (он екі бүтін оннан бес пайыз) жылдық 7%-ға (жеті пайыз) дейін азайтуға байланысты кредит бойынша есептелген сыйақыны шығысқа шығару нәтижесінде туындаған кредитті қайта құрылымдаудан болған шығындарды тану;

кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап кредитті қайта құрылымдау күніне дейін кредит бойынша айыппұл санкцияларын қолданбау;

қарыз алушының осы қаулыға қол қойылған күні пайда болған есептелген сыйақы бойынша берешегін (сыйақы ставкасының жылдық 7%-ға (жеті пайыз) дейін азаюын ескере отырып) негізгі борышқа капиталдандыру;

кредит бойынша оператор - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік қоры);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку