Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІНІҢ 2009.14.08 № 198...

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 198 бұйрығы

 

Осы редакция 2009 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгізілсін:

Жарылыс жұмыстары кезіндегі біріңғай өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мынадай мазмұндағы 38-1, 47-1, 47-2, 54-1, 54-2, 55-1, 58-1, 59-1, 59-2-тармақтармен толықтырылсын:

«38-1. Механикаландырылған зарядтауға зарядтау құрылғылары мен машиналарын механикаландырып зарядтау және қауіпсіз пайдалану тәсіліне оқудан өткен жарушылар (шебер жарушылар) жіберіледі»;

«47-1. ЖМ көлік құралын тиеу жүкті орналастыру және бекіту сызбасына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте жүк шанақтың бойлық осіне қатысты симметриялы және тұтас алаңы бойынша (салмағы бойынша) бірдей орналастырылады.

Жұмыс жүкті тиеу үшін тұлғаның тікелей басшылығымен және бақылауымен орындалады;

47-2. ЖМ тиеу, қайта тиеу және арту тәртібі жұмысты орындайтын жұмысшылардың жүкке қақтығысу және соқтығу мүмкіндігін болдырмайды»;

«54-1. ЖМ тасымалдау үшін жабдықталған ЖМ тасымалдау автомобильдерімен және жалпы мақсаттағы автомобильдермен тасымалдауға болады;

54-2. ЖМ тасымалдау кезінде белгіленген тұрақ орындары маршрутынан ауытқуға және белгіленген қозғалыс жылдамдығын жоғарылатуға болмайды»;

«55-1. ЖМ тасымалдауға қатысуға оқудан өткен және жүкті ілесіп алып жүруге рұқсат алған тұлғалар жіберіледі; олардың тегі, аты және әкесінің аты мен лауазымы (кәсібі) жол парағында көрсетіледі»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку