Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1168 Қаулысы (күші жойылды)

Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1168 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесінде, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:

19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19-1. Жұмыс берушілер мынадай шарттарды сақтаған жағдайда уәкілетті орган оларға рұқсат беруді жүргізеді:

1) тартылған және тартылатын бірінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны:

2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 50 %-ынан;

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан аспауға тиіс;

2) тартылған және тартылатын екінші және үшінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны:

2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан;

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 10 %-ынан аспауға тиіс.

Жұмыс беруші кадрлардағы казақстандық қамтудың есебі туралы ақпаратты уәкілетті органға осы Қағидаға 6-1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.

Осы тармақ:

1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезге дейін;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку