«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 83 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 83 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережеде:
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) сәйкес мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) электрондық тасымалдағышта Ұлттық Банкке ұсынады.
11. Мәліметтерді:
Документ утратил силу
Демо – версия документа