«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 1084 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 1084 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 286 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары «Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу институты», «Химия, мұнай-химиясы, мұнай-газ өңдеу, микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібі қауіпсіздігінің проблемалары жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы», «Түсті металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы», «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» қосылу және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні өнеркәсіп қауіпсіздігін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру болып белгіленсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа