«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 1068 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 1068 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекет мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тартатын шетелдік заң консультанттарының жұмыс сапасын бақылау;
заң қызметтерінің нарығын талдау, мүдделер жанжалын болдырмау мақсатында әлеуетті консультанттар тізбесін жасау;
Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, соның ішінде мемлекеттік органдарға сот және төрелік шағым-талаптарын беру себептерін талдау;
Қазақстан Республикасының Үкіметі жасасатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың және инвестициялық шарттар жобаларының заң сараптамасы;
Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысатын шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау және мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде уақытылы шаралар қабылдау;
уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөз процестеріне қатысу;
Демо – версия документа