Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу қағидалары (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына 10-қосымша) (2020.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.09. № 676 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
10-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында
тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу
қағидалары
(2020.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тәртіптік комиссияны құру және жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында (бұдан әрі - ІІО) тәртіптік комиссияны құру және жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) тәртіптік жауапкершілік (бұдан әрі - жауапкершілік) - тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;
2) тәртіптік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - тәртіптік теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тергеу және зерттеу материалдары қарау үшін оның жасалуының мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар адамды тәртіптік жазалау шарасы туралы ұсыным шығару мақсатында ІІО бөліністерінде құрылатын тұрақты алқалы орган;
Документ утратил силу
Демо – версия документа