«Мемлекеттік ұлттық ғылыми техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 Қаулысы (2023.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттік ұлттық ғылыми техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 Қаулысы
(2023.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2023.07.06. № 451 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2021.28.10. № 771 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.07.06. № 451 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды және ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті әдіснамалық- ақпараттық қамтамасыз ету болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталын 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қоғам жарғысын бекітуді және Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Демо – версия документа