«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 126 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі туралы ережеде:
1-бөлімде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Сырбар» қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кіреді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Сырбар» қызметінің заңдық мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.»;
9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Сырбар» қызметінің толық атауы - «Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі» мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже «Сырбар» қызметінің құрылтай құжаты болып табылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. «Сырбар» қызметінің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және мемлекеттік органдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Документ утратил силу
Демо – версия документа