Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

 

Осы Жарлықты іске асырудың кейбір мәселелері туралы ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1090 Қаулысын қара

 

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің - салық саясатын, бюджет саясатын, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру саласындағы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің - ауылдық аумақтарды дамыту саясатын әзірлеу, қалыптастыру және іске асыру саласындағы;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің - халықаралық экономикалық ынтымақтастық аясының үйлестіру саласындағы;

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің - табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар аясындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру саласындағы;

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) - бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу мәселелері жөніндегі саясатты әзірлеу және қалыптастыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін;

2) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін беруді қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметінде:

стратегиялық жоспарлау;

әлеуметтік-экономикалық дамуды болжамдау және талдау;

мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру саясатын әзірлеу;

мемлекеттік инвестициялық саясат;

экономика салаларындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку