«Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 380 Бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 380 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бұйрығымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінің 2002 жылғы 31 тамыздағы № 35 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу Ережесі:
мынадай мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік тізілімге Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифімен белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолдануына қатысы бар темір жол жылжымалы құрамы туралы қосымша мәліметтер енгізіледі.
Қосымша мәліметтер кедендік бажын төлеу туралы ақпаратты қамтиды.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа