«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 749 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 749 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
паспортта «Қаржыландыру көздері мен көлемдерінде»:
мынадай:
«барлығы - 989 221,19 млн. теңге, о.і.
2010 жылы - 227 918,10 млн. теңге
2011 жылы - 195 065,83 млн. теңге
2012 жылы - 181 006,74 млн. теңге
2013 жылы - 167 877,74 млн. теңге
2014 жылы - 217 352,78 млн. теңге.»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«барлығы - 1 035 963,72 млн. теңге, о.і.
2010 жылы - 228 265,70 млн. теңге
2011 жылы - 220 313,46 млн. теңге
2012 жылы - 188 289,24 млн. теңге
2013 жылы - 181 742,54 млн. теңге
2014 жылы - 212 352,78 млн. теңге.»;
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
«АӨК жай-күйінің ағымдағы жағдайын бағалау» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Мал шаруашылығын дамыту» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың жақсы алғышарттары мен үлкен перспективасы бар, ол табиғи және егілген жемшөп алқаптары мен жайылымдардың болуына негізделген.
Документ утратил силу
Демо – версия документа