Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕРЕЖЕ (ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 22.05.99 Ж. № 620 ҚАУЛЫСЫМЕН...

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

1999 жылғы 22 мамырдағы

№ 620 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы
Ереже
(ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 857; 03.06.03 ж. № 520; 2005.14.02. № 140 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-Бөлім

Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы

 

1-Тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу тәртібі

 

1. Жеткілікті негіздер болғанда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:

1) ұл (қыз) асырап алуға байланысты оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен күні өзгертілгенде, сондай-ақ бала (қыз) асырап алушыларды асырап алынған баланың (қыздың) ата-анасы ретінде жазғанда;

2) некені бұзуға немесе некенің жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;

3) ата-анасының арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде;

4) әке болуды тіркегенде;

5) некеге тұрмаған анадан баланың туылу туралы акт жазбасына баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізу туралы өтініш түскенде;

6) ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;

7) баланың туу туралы акт жазбасынан баланың әкесі немесе шешесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне байланысты;

8) тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;

9) ата-анасының тегі мен әкесінің аттарының өзгеруіне байланысты кәмелетке толмаған баланың тегі мен әкесінің аты өзгергенде;

10) азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателер сот тәртібімен анықталғанда;

11) әке болу туралы сот шешiмiнiң күшi жойылғанда;

12) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қосарланған аты немесе әкесiнiң аты көрсетiлген болса;

13) егер азаматтық хал актiсi жазбасында ата-анасының тегi, аты, әкесiнiң аты немесе ұлты көрсетiлмесе;

14) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қате мәлiметтер көрсетiлсе;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку