«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 6 маусымдағы № 361 Бұйрығы (күші жойылды)
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 6 маусымдағы № 361 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 24 тамызда № 6430 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 2 қазанда № 402-405 (26248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«116. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жабылған стационарды ашуға санитариялық-эпиемиологиялық тексеру актісін бере отырып, тиісті аумақтағы, көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының келісімі бойынша жол беріледі.»;
128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«128. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, (пижама, ішке киетін аяқ киім) алады. Стационарда (туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда) науқастардың, жүкті әйелдердің, жаңа босанған әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің үй киімімен жүруіне жол беріледі.»;
142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа