«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасаумен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 344 Бұйрығы (күші жойылды)
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасаумен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 344 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының № 7 актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының бюллетені, 2010 ж.; № 9; 384-құжат) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесінде:
1) 5-бөлім мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің тарифіне қосымша компонентті қалыптастыру
19. БМСК тарифіне қосымша компонентті қалыптастыруға шығындарды жоспарлау мынадай міндеттерді орындауға бағытталған:
1) БМСК медицина қызметкерлерін материалдық көтермелеуге бағытталатын қол жеткізілген нәтижелері үшін БМСК ұйымдарын қаржыландыру үшін жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру құрамдастырушысын анықтау;
2) БМСК медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
Документ утратил силу
Демо – версия документа