«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 241 Бұйрығы
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 241 Бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (№ 5750 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 190 (1613), 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 10 (1632), «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары деген бөлімде:
«1. Жалпы ережелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:
«Осы Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан олардың қолдануы үшін міндетті.»;
«Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілік сипаттамасы» деген 2-бөлімде:
«Жоғары оқу орнының (ЖОО) басшысы (ректор)» деген кіші бөлімде:
оныншы және он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа