«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 08-3/233 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 761 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 08-3/233 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6029 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2010 жыл, № 10) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН);
15) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН):
16) ветеринариялық бақылау бекеті - шекара және кеден бекеттерінің аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақталған бөлімшесі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа