(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.17.02 № 102 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2011 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 ақпандағы
№ 102 қаулысымен
бекітілген
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Осы «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер беру» стандарты (бұдан әрі - стандарт) уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер беру рәсімін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) айқындайды.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 35, 37-баптары, 43-бабының 9-тармағы, 152-бабы, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы және «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысының 72-тармағы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының 2-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа