Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықты бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекітілген) (2025.11.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 173 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Көлік министрінің м.а. 2024.30.12. № 445 бұйрығымен үлгі нұсқаулық жаңа редакцияда (2025 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі
үлгі нұсқаулық
(2025.11.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бөлім. Кіріспе
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық (бұдан әрі - Үлгі нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 19-қосымшаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаға, Doc 9859 ИКАО «Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық» сәйкес әзірленді.
Үлгі нұсқаулық әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілердің (бұдан әрі - қызмет көрсетуді беруші) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі - ҰҚБЖ) жұмыс істеуін енгізу және қолдау жөніндегі талаптарды нақтылайды.
Қызмет көрсетуді берушінің ҰҚБЖ осы Үлгі нұсқаулықтың 1-тарауының 3-тармағында көрсетілген ҰҚБЖ-нің жұмыс істеуін енгізу және қолдау үшін тұжырымдамалық шеңберлерді ескереді, сондай-ақ қызмет көрсетуді беруші қызметінің ауқымына және ол ұсынатын авиациялық қызметтердің күрделілігіне сәйкес келеді.
2. Осы Үлгі нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы (бұдан әрі - бірінші басшы) - қызмет көрсету тармақшасының пәрменді және тиімді жұмыс істеуі үшін дербес жауапты болатын жеке, тиісті лауазымды адам;
Демо – версия документа