«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 502 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 502 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалық, нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді;
3) кен орнын игеру жобасына сәйкес мұнай өндіруді, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
4) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды бекітеді;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен келісім бойынша ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекітеді, газды кәдеге жаратудың және ілеспе газды қайта өңдеуді дамытудың бекітілген бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа