(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.02 № 140 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 ақпандағы
№ 140 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) ресми құжаттарға - құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқалығына және оның өкілеттіктерін растап сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығына апостиль қою жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды. Апостиль қою құжаттарды дипломатиялық немесе консулдық заңдастыру қажеттілігінен босату мақсатында Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолдануға арналған апостилденетін құжаттардың түпнұсқалығы мен тиісінше ресімделінуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету:
«Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-баптары;
«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының 1 және 2-тармақтары;
Редакция документа
Демо – версия документа