«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 336 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 336 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын
тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдауды (бұдан әрі — мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 29/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясын тағайындау үшін үмткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі - қоғам) www.edu-cip.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы хабарлама болып табылады. Тұтынушылар рұқсат берілгені туралы ақпарат көрсетіле отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алады.
6. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын алу үшін конкурсқа қатысу талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа