(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998.22.06. № 578 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қойнауын пайдалану жөніндегі кейбiр шешiмдерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 маусымдағы № 578 Қаулысы
(2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 тамыздағы № 1017 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 34, 321-құжат);
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеде:
1-тармақта:
"жер қойнауын пайдалану" деген сөздер "мемлекеттiң меншiгіндегі және нақты мемлекеттік кәсiпорындарға бекiтiлмеген пайдалы қазбаларды, оның iшiнде техногендi минералды түзiлiмдерден, барлау және өндiру, өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және/немесе пайдалану" деген сөздер ауыстырылсын;
2-тармақтағы "меншiгіндегі" деген сөзден кейiн "және нақты мемлекеттік кәсiпорындарға бекiтiлмеген" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер қойнауын пайдаланушыға меншiк (шаруашылық жүргiзу, жедел басқару) құқығымен тиесiлi техногендiк минералды түзiлiмдерден пайдалы қазбалар өндiру - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды. Жер қойнауын пайдаланушыға немесе ол өзiне тиесiлi техногендi минералды түзiлiмдердi сатқан немесе өзге тәсiлмен берген тұлғаға лицензиялар беру "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығымен белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi (минералдық шикiзаттарды қайта өңдеуге лицензия беру).";
5-тармақтағы "техногендi" деген сөзден кейiн "минералды" деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақтың екiншi абзацындағы "геологиялық зерделеу" деген сөздер "барлау және/" деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа