Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 466 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 466 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:

1-тармақтағы «және «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күші бар Жарлығына» деген сөздер «, «Босқындар туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «жеке істер бойынша Қазақстан Республикасына шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасына шақырған қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақта:

«Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) және», «(келу-кету)» деген сөздер алып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелері мен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдегі мекемелер) мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақта бірінші абзацтағы «(кету)», «(кету-келу)» деген сөздер алып тасталсын;

екінші абзацтағы «кету және кету-келу визаларын» деген сөздер «визалар» деген сөзбен ауыстырылсын;

8-тармақта:

бірінші абзацтағы «және олардың қолданылу мерзімін ұзарту» деген сөздер алып тасталсын;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку