(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.30.01 № 50 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 50 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесінде, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
16) тармақшаның екінші абзацында «және 16-2)» деген сөздер «,16-2), 16-4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-4) тармақшамен толықтырылсын:
«16-4) «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшы және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтіндер;»;
2) «Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 101-құжат);
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық компаниялардың тізбесі мынадай мазмұндағы 23-жолмен толықтырылсын:
«23. «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;
Редакция документа
Демо – версия документа