(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.01 № 10 ҚАУЛЫСЫ
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия саласын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін:
1) қатты пайдалы қазбаларды барлау, әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу және сату саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиімді қызметті қамтамасыз ету;
2) қоғамға берілетін тау-кен-металлургия саласы кәсіпорындарының акциялар пакеттерін тиімді басқару;
3) тау-кен металлургия өнеркәсібінде ғылымды қажетсінетін және тиімді жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;
4) республиканың минералдық шикізат базасын ұдайы өндіру, кен
орындарының баланстан тыс қорын игеру;
5) техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу;
6) залалды кеніштер мен қоймаларды тарату және консервациялау, су төкпе қызметі.
Редакция документа
Демо – версия документа