«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 378 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 378 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы «өтемақы төлеудің» деген сөздерден кейін «және оларға куәлік берудің» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «өтемақы төлеу» деген сөздерден кейін «және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша «есепке алу» деген сөздерден кейін «және оларға жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қажеттілікті ескере отырып, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушілердің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктерді дайындауға жыл сайын қаражат көздесін;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:
тақырыбы «өтемақы төлеу» деген сөздерден кейін «және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру» деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспе «төлеудің» деген сөзден кейін «және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік (бұдан әрі - куәлік) берудің» деген сөздермен толықтырылсын;
Демо – версия документа