(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.18.03 № 215 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 наурыздағы
№ 215 қаулысымен
бекітілген
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған
арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін
тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру бойынша
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет) болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағы 14) тармақшасы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3928 «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 597 бұйрығы негізінде көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа