Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 230 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 230 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 249 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 11-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесінде:

бүкіл мәтін бойынша «төлемдер жөніндегі», «төлеу жөніндегі» деген сөздер «беру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:

1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті);

2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері - Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы;»;

мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) қосымша жеңілдіктерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку