«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығы (күші жойылды)
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6430 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 2 қазанда № 402-405 (26248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, жабдықтауға, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге, еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға стерилизациялау және дезинфекциялау жүргізу жағдайларына, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа