«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 63 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 63 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелері» деген 4-бөлімде: «Міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде:
төртінші бөліктегі:
«халық санына барабар есептелетін» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Бағдарлама шеңберінде субсидиялау мен кепілдендіруге бөлінген және қаржы жылының қорытындылары бойынша Қаржы агенті пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдендіруге, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға пайдаланылуы мүмкін.»;
«Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде:
Пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында:
бесінші бөліктегі «2010 жылы» деген сөздер «2010 және 2011 жылдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлік алынып тасталсын;
«Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деген кіші бөлімде:
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттарында:
сегізінші бөліктегі «желілерін алуға және оның жұмыс істеуіне бағытталған,» деген сөздер «желілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» деген кіші бөлімде:
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттарында:
үшінші бөліктегі «2010 жылы» деген сөздер «2010 және 2011 жылдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік алынып тасталсын;
«Кәсіпкердің әлеуетін күшейту» деген төртінші бағытта:
Документ утратил силу
Демо – версия документа