Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 49 қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 49 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласында авиациялық қызмет көрсету және азаматтық авиация саласында өзге шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қоғамның жарғысын бекітуді;

2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында Қоғамның мемлекеттік тіркелуін;

3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;

4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции