Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2004 Ж. 6 ШІЛДЕДЕГІ № 573-II ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңы

(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара:

2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Заңы  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпарат — кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары беретін, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер;

2) ақпарат беру туралы шарт— осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт;

3) ақпарат беруші — кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі— ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері;

5) жазбаша ұйғарым - анықталған  кемшіліктерді  белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы кредиттік бюроға нұсқама;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку