Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 71 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 71 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:

3-тармақта:

3) тармақшаның екінші абзацы «растаған» деген сөзден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;

16) тармақшаның екінші абзацы «13)» және «16-2)» деген сандардан кейін тиісінше «, 13-1)» және «, 16-3)» деген сандармен толықтырылсын;

4-тармақ «негіздемесін» деген сөзден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бірінші санат - жоғары білімі мен тиісті қызмет саласындағы ұқсас лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар бірінші басшыларды, олардың орынбасарларын, қаржы және техникалық директорларды, сондай-ақ бас: инженерлерді, конструкторларды, технологтарды, энергетиктерді, металлургтерді, сәулетшілерді, геологтарды, геофизиктерді тартуға;»;

10-тармақтың 4) тармақшасындағы, 12-тармақтың 6) тармақшасындағы, 18-тармақтағы «халықаралық шарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасына енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдар тартатын шетелдік қызметкерлерді, оның ішінде технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау жөніндегі жұмыстарды атқаратын мердігерлерді;»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку